Жамбыл облысында тасыған судан теміржол бүлінді

0
351

Жамбыл облысының Жаңатас қаласында көшелерді су басты.


Жамбыл облысында тасыған судан теміржол бүлінді

ERNUR.KZ. Жамбыл облысы Сарысу ауданында беткейден аққан су теміржолды зақымдады, деп жазады inform.kz.

Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, Сарысу ауданындағы Жаңатас қаласының маңында Шарбақты-Жаңатас бағытындағы теміржолдың 171-шақырымы беткейден аққан судан зақымданып, 25 метрдей бөлігі шайылған.

«Теміржолдың бұл бөлігінде электр қуаты бар. Апаратын жалғыз жол «Казфосфат» ЖШС-іне қызмет көрсетеді. Зақымданған бөлік қазір қалпына келтірілді. Қозғалыс шектеулі жылдамдықпен жүріп жатыр. Жолға жайылған суды сорғытып, жол бойындағы арықты бекемдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиға орнынан 12 100 текше метр су сорылды. Оның ішінде 47 жер үй мен 97 аула бар», - деп нақтылады департаменттің баспасөз қызметіндегілер.

Жаңатас-Саудакент автожолында да 25 метрдей бөлікті тасыған су алып кеткен. Су жайылған бөлікке құм төселіп, қозғалыс қалпына келтірілген.

Жамбыл облысының Жаңатас қаласында көшелерді су басты.