Жамбыл облысында жолдың бойында адамның мәйіті табылды

0
679

Тас жолдың бойында 29 жастағы ер адамның мәйіті табылды.


Жамбыл облысында жолдың бойында адамның мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында тас жолдан ер адамның мәйіті табылды, деп жазады Stan.kz.

3 қыркүйекте таңертең Алматы-Шымкент тас жолының бойында 29 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Қайтыс болған адамның дене жарақаттары бар. Сонымен қатар, оқиға орнында шыны және пластмасса сынықтары, бампер бөлшектері табылған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық кодекстің 345 бабы "Көлік құралын басқаратын адамның ережелерді бұзуы жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану, нәтижесінде абайсызда адам денсаулығына зиян келтірген" және қылмыстық кодекстің 347 бабы "Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетуі" бойынша тергеу жүргізілуде.

Іздестіру іс-шаралары барысында Жуалы қаласының полиция қызметкерлері Түркістан қаласының 30 жастағы тұрғынын ұстады. Газель автокөлігін басқарған күдікті Шымкент қаласының көліктерге техникалық қызмет көрсету станциясына көлігін өткізген.

Тергеуге дейінгі тексеру жүргізілуде, бірқатар сараптамалар тағайындалды.