Жамбылдық кәсіпкерлер Рамазан айынан бастап ішімдік сатудан бас тартты

0
1 594

Қасиетті Рамазан айын жамбылдықтар ерекше леппен қарсы алуда.


Жамбылдық кәсіпкерлер Рамазан айынан бастап  ішімдік сатудан бас тартты

ERNUR.KZ. Қасиетті Рамазан айында Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы кәсіпкерлер ауылдарда ішімдік сатудан бас тартты. Аудан әкімі Сәкен Арубаевтың айтуынша, олар бұл игі үрдісті жыл бойы жалғастыруға ниетті, деп жазады aikyn.kz.


– Барлықтарыңызды қастерлі Рамазан айының келуімен құттықтаймын! Ниеттеріңіз қабыл, Отанымыз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Қасиетті Рамазан айын жамбылдықтар ерекше леппен қарсы алуда.
Таразыда салмағы ауыр айдың қарсаңында аудандағы Шәкен Ниязбеков, Шайқорық, Танты, Қапал ауылдары ішімдіктен түбегейлі бас тартып, бүткіл мұсылман қауымына үлгі боларлық іс жасады. Ауыл қариялары мен жастары бастамашыл болған игілікті ісін жергілікті дүкен иелері де мақұлдап, зиянды сусынды тек осы айда ғана емес, мүлде сатылымға шығармайтынын уәде етті. Бұл – батагөй ақсақалдарымыздың және жалынды жастарымыздың еңбегі.
Алла тағала қасиетті Рамазан айында ұстаған оразаларымыз бен құлшылығымызды қабыл етсін!
Халқымыздың ынтымақ-бірлігін арттырып, ырыс-несібесін адалынан молайтсын! Дінімізге қуат, өзімізге иманның байлығын берсін, – дейді Сәкен Қаланұлы.

Иә, бұл сөз жоқ жанға жылу беретін жаңалық. Бұған дейін Қордай ауданындағы бірқатар ауылдардың кәсіпкерлері ішімдік сатудан бас тартса, енді міне жамбылдықтар да көпке үлгі іс қылуда.