Жамбылдық оқушылар жүрек соғысы мен қан қысымын бақылайтын сағат ойлап тапты

0
1 030

Ақылды сағатты Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған лицейдің 9-сынып оқушысы Дулат Исабек пен 8-сынып оқушысы Адия Тұрсынбай ойлап тапқан.


Жамбылдық оқушылар жүрек соғысы мен қан қысымын бақылайтын сағат ойлап тапты

ERNUR.KZ. "Екінші жүрек" деп аталатын сағат инсульт, инфаркт және тағы да басқа талма аурулары бар науқастарға арналған. Ол иесінің жүрек соғысы мен қан қысымын бақылауда ұстап, адам өміріне қауіп төнген жағдайда белгі береді, деп жазады zakon.kz.

Ақылды сағатты Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған лицейдің 9-сынып оқушысы Дулат Исабек пен 8-сынып оқушысы Адия Тұрсынбай ойлап тапқан.

Сағаттың дене температурасын, қандағы оттегі пайызын, жүрек қағысын бақылап тұру функциялары бар. Сонымен қатар ол науқас құлап, қозғалыссыз қалған жағдайда туысына немесе жедел жәрдемге дабыл жібереді. Ең бастысы, науқастың мекен-жайын, жатқан жерін нақты көрсетеді.

Оқушылардың өнертабысын сынап көру үшін кардиолог пен пациенттердің портативті аппаратпен динамикалық бақылауы жүргізілді. Дулат пен Адия алдағы уақытта сағатты адамдардың үнемі тағып жүруіне ыңғайлы етіп жасау жолдарын қарастырып жатыр.

"Науқастарға түрлі себеппен алғашқы көмек уақытынан кеш беріліп жататын кездер болады. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін және науқастарға көмектессек деген оймен алғашқы көмектің жедел келуін қамтамасыз ететін сағатты жасап шығардық", - дейді жас өнертапқыш Дулат Исабек.