Жамбылдық тұрғын жалған қор арқылы «қайырымдылық» жасаған

0
703

​15 коммерциялық құрылым зардап шекті.


Жамбылдық тұрғын жалған қор арқылы «қайырымдылық» жасаған

ERNUR.KZ. Жамбыл облысының тұрғыны қайырымдылық қорының атын жамылып, кәсіпкерлерді сазға отырғызған. Бұл туралы Ішкі істер министрінің кеңесшісі Нұрділдә Ораз кезекті брифингте айтты, деп жазады inbusiness.kz.

«Жамбыл облысы тұрғынының қайырымдылық мақсаттарға қаражат жинау арқылы бірқатар интернет алаяқтық жасағаны әшекереленді. Ол жалған қор құрып, кәсіпкерлермен байланыс орнатып, қорды дамытуға көмек көрсетуді сұраған. Ақша жалған қорға тіркелген шоттарға аударылған. Қазіргі уақытта жалпы сомасы 2 млн 300 мың теңге залал келген. 15 коммерциялық құрылым басшысы сан соғып отыр. ІІМ тұрғындарды сақ болып, жеңіл және тез пайда табуды ұсынатындарға сенбеуге шақырады. Алаяқтық фактілері туралы дереу полицияға хабарлауды ұмытпаңыз», – деді министрлік өкілі.