Жаңа қаулы: Төртінші тоқсанда оқушылар қалай оқиды

0
2 522

Мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 20-31 наурыз аралығында – 12 күнге созылады. 4-тоқсан сабағы 1 сәуірде басталады.


Жаңа қаулы: Төртінші тоқсанда оқушылар қалай оқиды

ERNUR.KZ. 2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанында республиканың барлық өңірлерінде балалар санын 25 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқытуға рұқсат берілді, деп жазады ҚазАқпарат.

Жаңа қаулыға сәйкес «2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанында:

– республиканың барлық өңірлерінде: контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқытуға;

білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға;

– тәуекелі төмен және орташа аймақтарда (жасыл және сары аймақтар) орналасқан өңірлердегі жалпы білім беретін мектептерде барлық сыныптардың оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытуға;

– тәуекелі жоғары аймақта (қызыл аймақ) орналасқан өңірлерде:

жалпы білім беретін мектептерде 1 сыныптан бастап 5 сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1 сыныптан бастап 7 сыныпты қоса алғанда, мектеп алды сыныптарының оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытуға;

оқу бітіретін сыныптар ( 9, 11 (12) сыныптар ) үшін аптаның 6 күні ішінде: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан аралас форматта оқытуға рұқсат етілмек;

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.
Айта кетсек, мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 20-31 наурыз аралығында – 12 күнге созылады. 4-тоқсан сабағы 1 сәуірде басталады.