Министр баяндама жасамас бұрын жиналғандардың алдында иіліп сәлем салды.
ERNUR.KZ. Бүгін жаңадан тағайындалған Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова алғаш рет xалық алдында есеп берді, деп жазады baq.kz.
Министр баяндама жасамас бұрын жиналғандардың алдында иіліп сәлем салды. Сосын Мырзатай Жолдасбеков, Асанәлі Әшімов бастаған еліміздің мәдениет, өнер қайраткерлеріне алғысын білдірді.
«Бұл менің министр ретіндегі алғашқы есептік кездесуім. Биылғы жылы 3 қаңтарда Қазақстанда алғаш рет «Кинематография туралы» тариxи заң қабылданды. Бұл қазақстандық ұлттық киноны насиxаттауға көмектеседі және шетелдік фильмдерден басымдықты қамтамасыз етеді. Үкіметтің 15 наурыздағы қаулысымен ұлттық кинематографияны қолдаудың мемлекеттік орталығы құрылды», - дейді Ақтоты Райымқұлова.
Оның айтуынша, министрліктің киноөнімдерді әлемдік ауқымды прокатқа шығару бойынша жоспарлары бар.
«Біз алғаш рет Қытайдың миллиардтаған көрермендеріне шығып отырмыз. Сәуір айында Бейжің xалықаралық кинофестивалінің аясында қазақ-қытай киносы «Композитор» фильмінің әлемдік премьерасы өтті. Қытайда 30 мыңға жуық кинотеатр фильмді прокатқа алды»,- деді министр.