Жаңаөзенде бүлдіршін балалар алаңындағы биіктіктен құлап кеткен

0
239

Оқиға орнынан түсірілген бейнежазба желіде таралды.


Жаңаөзенде бүлдіршін балалар алаңындағы биіктіктен құлап кеткен

Фото: видео скриншот

ERNUR.KZ. Жаңаөзен қаласында кішкентай бүлдіршін балалар алаңындағы биіктіктен қатты құлап кеткен, деп жазады inbusiness.kz.

Оқиға Жаңаөзенде 4-ші ықшам аудандағы №18 және №19 үйлердің арасында болған.

Бейнежазбада баланың ойын алаңында жүрген кезде биіктіктен құлап, кейін орнынан тұра алмай жатқаны көрсетілген. Куәгердің сөзінше, оқиға 8 сәуірде болған.

Тұрғындар осы балалар алаңында ақаулар бар екенін алға тартып отыр. Ата-аналар қала билігін ойын кешенін балалар үшін қауіпсіз етуді сұрады.

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен баланың ауруханадан шығарылып, үйіне қайтарылғанын мәлім етті.