Жаңаөзенде жарылыстан зардап шеккен келіншек орталық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.
ERNUR.KZ. Аурухана басшылығының мәліметінше, әйелдің жағдайы тұрақты ауыр. Жасанды тыныс алу аппаратынан алынып, өзі демалып, дәрігерлердің сұрағына жауап беретін халге жетті. Ал, жансақтау бөліміндегі екінші науқастың жағдайы әлі де аса ауыр деп бағаланып отыр, деп жазады inbusiness.kz.
Сондай-ақ, дәрігерлер травматология бөлімшесіндегі 1 ер адам мен 2 қыз баланың жағдайлары тұрақты орташа екенін айтады. Оқушы қыздарға арнайы психолог мамандар келіп, әңгімелесу өткізді. Бұл бағытта мектеп психологтары да қажетті көмек көрсетіп жатыр.