Полиция олармен профилактикалық әңгіме жүргізді.
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Жаңаөзендегі балалар алаңында екі әйелдің төбелескен видеосы тарады. Жаға жыртысқандардың жеке тұлғалары анықталып, олар полиция басқармасына жеткізілді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Lada.kz-тің жазуынша, полицейдегілер екі әйелмен де профилактикалық әңгіме жүргізген.
Кадрларда екі келіншектің бір-бірін жерге құлатып, ұрып-соғып жатқанын көруге болады. Маңайдағы ер адамдар екеуін ажыратуға тырысқан.
Жергілікті полиция департаментінің баспасөз қызметі екі әйелдің де жеке басы анықталғанын айтты.
«Олар Жаңаөзен полиция басқармасына жеткізілді. Әйелдердің бір-біріне деген талаптары жоқ және үстілерінен шағым жазған жоқ. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Әйелдердің арасындағы кикілжіңнің неден туындағаны белгісіз.