Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған жиында айтты.
ERNUR.KZ. Электр желілеріндегі апаттық ақаулары Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысын тоқтатты. Бұл жанар-жағармай нарығындағы жағдайдың нашарлауына әсер етті, деп жазады zakon.kz.
"Аймақ тұрақты әрі толықтай электр қуатымен қамтамасыз етілуі керек. Әзірге бұл бағытта проблемалар бар. Менің тапсырмам бойынша, елдің батыс аймақтары арасындағы транзиттік байланыстарды нығайту және оларды Қазақстанның бірыңғай энергетикалық жүйесімен интеграциялау схемасы әзірленуде", - деді Мемлекет басшысы.
Үкімет батыс өңірдегі электр желісінің тұрақтылығын арттыру үшін бірқатар шаралар қабылдауы керек.