Жаңатастағы жұмысшылар өлімі: сот үкімі оқылды

0
621

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


Жаңатастағы жұмысшылар өлімі: сот үкімі оқылды

ERNUR.KZ. Сарысу аудандық сотында Жаңатас қаласындағы фабрикадағы жұмысшылар өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі оқылды, деп жазады ulysmedia.kz.

«Сарысу аудандық соты абайсызда екі адамның өліміне алып келген еңбек қорғау ережесінің бұзылуына орай айып тағылған Қ., С. және Б.-ға қатысты қылмыстық істі қарады. Сот 2022 жылы фабрика өндірісі барысында шағын жөндеу жүргізу үшін РУ-1 тарту қондырғысының тоқтатылғанын анықтады. Жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында еңбек қорғау ережесінің бұзылуына жол берілген. Соның салдарынан кәсіпорынның екі жұмысшысы қаза тапқан», - делінген аудандық соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сотталушылар Қ., С. және Б. кінәларын мойындаған жоқ. Бірақ, іске қатысты фактілермен, зардап шегушілердің, куәгерлердің куәлік етуімен және заттай дәлелдермен олардың кінәлі екендігі анықталды. Осыдан кейін прокурор үш сотталушыны да 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сот үкімімен азамат Қ. 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, азамат Б. 3 жылға бас бостандығы шектелді. Ал азамат С.-ға қатысты қылмыстық белгілердің болмауына байланысты ол кінәсіз деп танылды және ақталды. Сонымен қатар сотталшылардан зардап шегушілердің пайдасына 5 млн теңге моральдық шығын өтелетін болды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.