Жанболат Мамайдың жағдайы күрт нашарлап, жансақтау бөліміне жатқызылды

0
2 410

Бұл жөнінде оның әйелі Инга Иманбай мәлімдеді.


Жанболат Мамайдың жағдайы күрт нашарлап, жансақтау бөліміне жатқызылды

ERNUR.KZ. Тіркелмеген Қазақстан демократиялық партиясының жетекшісі Жанболат Мамай жансақтау бөліміне ауыстырылды. Бұл жөнінде оның әйелі Инга Иманбай мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

“Денсаулық сақтау министрлігі мен Адам құқығы жөніндегі Омбудсмен назарына. Ауруханада жатқан Жанболат Мамайдың жағдайы бүгін күрт нашарлап, оны жансақтау бөліміне ауыстырып жатыр. Бүгін оның денесін қызыл бөрткен басып кетіп, ештеңе көмектеспей жатыр”, – деп жазды Иманбай сенбіде желідегі парақшасына.

Еске салайық, Мамайға билік өкілдеріне тіл тигізді, қасақана жалған ақпарат таратты және жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айыптар тағылған болатын. Саясаткердің өзі кінәсін мойындамай, тергеуде дәлелдердің жоқтығын алға тартады.

10 сәуірде Жанболат Мамайдың алты жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылғаны белгілі болды.