Спортшы жеңімпаз атанды.
Фото: Instagram/janibek_alimkhanuly
ERNUR.KZ. Орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының Сиднейде (Австралия) Жаңа Зеландиялық Андрей Михайловичке қарсы жекпе-жегі алдында келеңсіз жағдай болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Әлімханұлы рингке шыққаннан кейін ұйымдастырушылар Қазақстанның ескі әнұранын қосып қойды.
Жәнібектің командасы әнұранның қателігі туралы сигнал беруге тырысты, бірақ әнұранның қазіргі нұсқасы қойылмады, бұл аренаға келген қазақстандық жанкүйерлердің наразылығын тудырды.
Андрей Михайловичпен жекпе-жек «қазақ стилінің» Австралиядағы дебюті және 2023 жылдың қазан айынан бергі алғашқы кездесуі болып отыр. Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жекті нокаутпен аяқтап, жеңіске жетті.