Жансақтау бөліміне түскен 4 айлық сәбиді сабап тастаған

0
1 638

4 айлық сәбиді кім сабауы мүмкін? Ол жансақтау бөлімінде жатыр


Жансақтау бөліміне түскен 4 айлық сәбиді сабап тастаған

ERNUR.KZ. Денесі көк ала қойдай болған баланы Қарағанды балалар клиникалық ауруханасына жедел жәрдем қызметкерлері жеткізген. Туылғанына небәрі 4 ай, 20 күн болған сәбиге кімнің, не себепті қол көтергенін құқық қорғау органдарының қызметкерлері анықтайтын болады. Қылмыстық іс қозғалды, деп жазады Bag.kz.

Дәрігерлер соққыға жығылғанымен қоса, ауруханаға көптеген сырқатпен түскендігін айтады.

«Балада жедел респираторлық-вирустық инфекция бар екендігін анықталды, сондай-ақ, тыныс алу жолдары қатты қабынған. Зәр шығару мүшесінде инфекция бар. Ішек жұмысы да қалыпты емес. Бала қазір жансақтау бөлімінде жатыр», - дейді Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Дәрігерлер оның денсаулығын орташа деп бағалап отыр. Қазір оның жағдайы жақсарып келеді. Жақын күндері баланы палатаға ауыстыру қарастырылып жатыр.

«Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 107 бабы, 2 тармағына сай тіркеуге алынды. «Кәмелетке толмаған адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа деңгейде зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», - дейді Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.