Жансейіт Түймебаев ҚХА төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды

0
2 758

Ол бұған дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры болып тағайындалған.


Жансейіт Түймебаев ҚХА төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды

Мемлекет басшысының өкімімен Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов төрағалық өткен Республикалық комиссия «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі ұсынған кандидаттармен әңгімелесу өткізіп, «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - ректоры лауазымына Жансейіт Түймебаевты таңдады.

Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы 1958 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

1980 ж. – С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Филолог» мамандығы бойынша бітірген.

2000 ж. – Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетінің зан факультетін бітірген, филология ғылымының кандидаты.

1980-1993 жж - Қазақ мемлекеттік университетінде оқытушы, доцент.

1993-1994 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші хатшысы, бөлім бастығы.

1994-1997 жж. – Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшілігінің екінші, бірінші хатшысы.

1997-1999 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті протокол қызметінің бас сарапшысы, Қазақстан Республикасының Ыстанбұл қаласындағы Бас консулы.

1999-2004 жж. – ҚР Президенті протоколының жетекшісі.

2004-2006 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті протоколының жетекшісі - Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.

2006-2007 жж. – ҚР Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі.

2007-2010 жж. – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі.

2010 жылдан – Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі.

2016 жылғы 6 қазаннан 2018 жылдың маусымына дейін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.

2018 жылдың 20 маусымынан – 2019 жылдың 28 ақпанына дейін– Түркістан облысының әкімі.

2019 жылдың 28 ақпанынан – Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының басшысы.

Мемлекеттік нагардалары: «Құрмет» және «Парасат» ордендері, медальдар иесі.