Жапонияға жойқын тайфун жақындап келеді: 230-дан астам рейс тоқтатылды

0
222

Тайфун 28 тамызда Окинава префектурасының аралдарына жақындап, кешке оңтүстік-батыс Кюсю аралына жетеді.


Жапонияға жойқын тайфун жақындап келеді: 230-дан астам рейс тоқтатылды

ERNUR.KZ. Жапонияда «Шаньшань» тайфуны жақындауына байланысты 230-дан астам рейс тоқтатылды, деп жазады inform.kz.

Болжам бойынша, тайфун ертең, 28 тамызда Окинава префектурасының аралдарына жақындап, кешке оңтүстік-батыс Кюсю аралына жетеді.

Басылымның мәліметінше, бұл шаралар бірінші кезекте Кюсю аралындағы әуежайларға әсер етеді. Теміржол операторлары да мүмкін болатын тоқтатулар мен кешігулер туралы ескертуде. «All Nippon Airways» 28-30 тамыз аралығында 80 рейсті тоқтатты.

– Тайфун қазір Амами аралдарына (Окинава префектурасы) жақындап келеді және солтүстік-батысқа қарай Кюсюге, сондай-ақ Жапонияның басты аралы Хонсюге қарай жылжуы мүмкін, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 16 тамыз күні «Ампил» тайфунының жақындауына байланысты жапондық авиакомпаниялар жүзге жуық рейстерін, ал теміржолдар операцияларының бір бөлігін тоқтатқанын жазған едік.