Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Алматы әуежайын басып алғандар табылды

0
482

Қару-жарақты Алматы қаласы мен Алматы облысында арнайы жабдықталған қоймаларға жасырған.


Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Алматы әуежайын басып алғандар табылды

ERNUR.KZ. Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы халықаралық әуежайын басып алып, қиратқандар анықталды. Бұл туралы ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

Айтуынша, Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бір топ күдікті жеңіл көлікпен "Оружейник" қару-жарақ дүкеніне келіп, есігін сындырған. Сөйтіп 15 тегіс ұңғылы қару мен оптикалық көздегіші бар төрт иір ойықты карабин ұрлаған.

Қару-жарақты Алматы қаласы мен Алматы облысында арнайы жабдықталған қоймаларға жасырған. Артынан оларды сатып жіберуді жоспарлаған.

"Бұған қоса, тергеу барысында жоғарыда айтылған адамдардың Алматы халықаралық әуежайын басып алуға және қиратуға қатысқаны анықталды", – деді Әділов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.