Жараланған қорықшының жағдайына қатысты дәрігерлер түсінік берді

0
859

Зардап шегуші арнайы күзеті бар травматология бөліміндегі палатаға жатқызылған.


Жараланған қорықшының жағдайына қатысты дәрігерлер түсінік берді

ERNUR.KZ. Браконьерлер қолынан жарақаттанып, ауруханаға түскен қорықшының хал-күйі қандай жағдайда екенін дәрігерлер айтып берді, деп жазады Zakon.kz.

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қазіргі уақытта оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

- Науқас әлі қосымша тексерулерден өтеді, кеудесі мен жауырын мен қабырға сүйектері компьютерлік томографияға түсіріледі. Науқас арнайы күзеті бар травматология бөліміндегі палатаға жатқызылады, - деді көп салалы аурухананың хирургия бөлімі директорының орынбасары Дмитрий Чайков.

23 шілдеде екі инспектор киік атып жүрген браконьерлердің ізіне түсіп, оққа ұшқан. Кеудесіне оқ тиген қорықшының бірі дәрігерлер келгенше оқиға орнында көз жұмған. Екінші инспектордың да кеудесіне оқ тиген, бірақ ол денесін тесіп өтпеген. Зардап шегуші орталық аудандық ауруханаға жеткізілген. Кейіннен оның облыстық ауруханаға ауыстырылғаны хабарланған.