Жәрдемақының тоғыз түрін автоматты режимде алуға болады

0
674

​Қазақстанда "Отбасының цифрлық картасы" ақпараттық жүйесін енгізудің арқасында осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап мемлекеттік қызметтерді проактивті (электронды үлгіде) көрсету үшін 20 мың адамға SMS жолданған.


Жәрдемақының тоғыз түрін автоматты режимде алуға болады

ERNUR.KZ. Өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 5,5 мың адам немесе 29,4% пайдаланды, деп жазады sputnik.kz.

Бүгінгі таңда ешқандай өтінішсіз жәрдемақы мен әлеуметтік төлемнің тоғыз түрін рәсімдеуге болады:
1. жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем;
2. бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем;
3. жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем;
4. асыраушысынан айрылу бойынша әлеуметтік төлем;
5. мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-анаға (қамқоршысына) берілетін жәрдемақы;
6. мүгедектігі бойынша жәрдемақы;
7. көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы;
8. "Алтын алқа" және "Күміс алқамен" марапатталған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы;
9. атаулы әлеуметтік көмек.
Мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқық белгіленген кезде әлеуетті алушыға бірыңғай байланыс орталығынан (1414) SMS-хабарлама жіберіледі. SMS алған азамат оған келісетінін білдіріп, жауап беруі керек. Өтінішті ресімдеу және әлеуметтік жәрдемақы немесе төлем тағайындау автоматты режимде жүргізіледі, содан кейін ақша қаражаты алушының банктік шотына аударылады.
Бүгінгі таңда Отбасының цифрлық картасында Қазақстанның 19,5 млн азаматы немесе 6,3 млн отбасы туралы ақпарат жинақталған.