Сәуірдің басында еліміз бойынша бір жарым миллионға жуық адамның несие тарихы қалпына келтірілген болатын.
иллюстрациялық фото
ERNUR.KZ. Жарты миллион қазақстандықтың несиелері оңалтуға келмейді, деп жазады inbusiness.kz.
Бірінші несие бюросында осындай ақпарат таратты. Сөздерінше, жоғарыда аталғандар қарызын 90 күннен кешіріктіріп жауып, кейін бір жыл ішінде қайта несие алып, уақытылы төлемегендер.
Осы ретте айта кету керек, сәуірдің басында еліміз бойынша бір жарым миллионға жуық адамның несие тарихы қалпына келтірілген болатын. Енді оларға қаржы ұйымдарынан қайта несие алуға болады.