"Жартылай жалаңаш": Балконда салбырап тұрған ер адамның фотосы қызу талқыға түсті

0
2 650

Алдын-ала болжам бойынша, аталмыш жайт Алматы қаласында орын алған.


Қазақстандықтар желіде таралған балконда салбырап тұрған ер адамның фотосы мен видеосын қызу талқылауда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Видео мен фотолар Instagram әлеуметтік желісінде пайда болды.

Алғашқы тараған кадрдан ер адамның балконда жартылай ілініп тұрғанын көруге болады. Кейіннен пайда болған тағы бір суретте оны бір әйелдің ішке тартып алғаны байқалады.

Алдын-ала болжам бойынша, аталмыш жайт Алматы қаласындағы Арбат саябағының маңында орын алған. Видеоны көрген желі оқырмандарының пікірі екіге бөлінген.

Оқырмандарың бір бөлігі: "Күйеуі жұмыстан ерте келген сияқты", " Күніне осылай бір рет жаттығу жасап тұру, омыртқаға жақсы", "Кептірініп тұрған шығар" деп әзілдерін қалдырған.

Енді бірі видео, фотоны әлеуметтік желіге салғандарды жазғыруда.

"...Елге не, керек күлкі керек. Ұят емес пе? Әркімнің өз өмірі ғой интернетке тарап кеткенін көріп қысылмай ма?" - дейді оқырмандар.

Қауіпті әрекетке барған азамат туралы ешқандай ресми дерек жоқ.