Жасөспірім пышақтаған астаналық бойжеткеннің жағдайы ауыр

0
624

Пациенттің іш қуысы жағына операция жасалған, қазір науқастың жағдайы ауыр.


Жасөспірім пышақтаған астаналық бойжеткеннің жағдайы ауыр

ERNUR.KZ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы бірнеше пышақ жарақатымен ауруханаға түскен, қазір науқас ауыр хәлде жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл туралы Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлайды.

"26 мамырда жедел жәрдем қызметі №2 қалалық көпбейінді ауруханаға іштің алдыңғы қабырғасынан бірнеше жарақат алған 2006 жылғы қызды жеткізді", – деп хабарлайды қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ақпаратта айтылғандай, пациенттің іш қуысы жағына операция жасалған, қазір науқастың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты.

Айта кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай, Астанада 18 жастағы қызды өлтіруге оқталған жасөспірім ұсталды.

Елорда Полиция департаментінің хабарлауынша, жеткіншек қызды өлтіруге ұмтылған. Қазір күдікті қамауда және тергеу амалдары жүріп жатыр.