Жасөспірімдерге ата-анасының келісімінсіз түсік жасатуға рұқсат ететін норма ұсынылды

0
1 384

Қазіргі заңнамаларда кәмелетке толмағандарға ата-анасының келісімінсіз медициналық көмек көрсету шектелген


Жасөспірімдерге ата-анасының келісімінсіз түсік жасатуға рұқсат ететін норма ұсынылды

ERNUR.KZ. Елімізде 16 жастан бастап ата-анасының келісімінсіз кепілді медициналық көмекті алуға болатын норманы енгізу ұсынылып отыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева Мәжіліс үйінде өткен қоғамдық денсаулық сақтау саласын жетілдіру туралы отырыста мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Вице-министрдің айтуынша, Қазақстан халқының 22%-ін 15-пен 29 жасқа дейінгі жастар құрайды. Осы санаттағы адамдарға кешенді медициналық-әлеуметтік көмек көрсету үшін 105 жастар денсаулық орталығы жұмыс істейді. Жылдан-жылға мұндай орталықтардың көмегіне жүгінетіндер саны артып келеді. 2018 жылдың қаңтар айынан бастап 256 мыңнан астам жас жүгінген.

«Қазіргі заңнамаларда кәмелетке толмағандарға ата-анасының келісімінсіз медициналық көмек көрсету шектелген. Мұндай шектеу қалаусыз жүктіліктің алдын алу мен сондай жүктілік кезінде жасанды түсік жасатуға немесе босану үшін өз уақытында медициналық көмек алуға бөгет жасап отыр», - деді Ақтаева.

Вице-министр мұндай шектеуге қарамастан соңғы үш жылда жасөспірімдер арасында босану соңғы 2,6% төмендеген, 2017 жылы олардың саны 3443 құрағанын айтты.

«Осы жас санатындағыларға қалаусыз жүктіліктің алдын алу шараларын жүргізу қажет. Жасөспірімдер мұндай проблема болса ата-анасымен үнемі бөлісе бермейді. Сол себепті «Халықтың денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі» Кодексінің жаңа редакциясына 16 жастан бастап кепілді медициналық көмекті ата-анасының келісімінсіз алуға болатын норманы енгізу ұсынылды», - деді ҚР Денсаулық сақтау вице-минситрі.

Ол егер жасөспірім медициналық көмек алған сәтте төтенше жағдай туындаса оның жақын туыстары міндетті түрде хабарланатынын айтты.