Жасөспірімнің вакцина салдырғаны Ashyq-та көрсетіле ме? Министр жауабы

0
576

Сондай-ақ, ол Pfizer вакцинасын алғандар арасында жағымсыз реакцияның айқын белгілері байқалмағанын айтты.


Жасөспірімнің вакцина салдырғаны Ashyq-та көрсетіле ме? Министр жауабы

ERNUR.KZ. Жасөспірімнің вакцина алғаны туралы мәлімет балаларда туылғаннан бері болатын екпе паспортындағы жалпы тізімде жазылады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

"Қазіргі уақытта балаларға (вакцинация паспорты – ескерт.) қарастырылмаған. Бірақ қай бала екпе алғанын жазып жатырмыз. Кейбір азаматтар сұрап жатыр. Негізінде, туғаннан бастап екпе паспорты бар: балалар қызылшаға қарсы, көкжөтелге қарсы вакцина алады. Оларға тағы бір екпе (коронавирусқа қарсы – ескерт.) алғаны қосымша қосылады. Ashyq-та үлкендерге ғана", - деп түсіндірді Цой Үкімет отырысынан кейін журналистер сұрағына жауап беріп.

Сондай-ақ, ол Pfizer вакцинасын алғандар арасында жағымсыз реакцияның айқын белгілері байқалмағанын айтты.