иллюстрациялық фото
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі жастардың көпшілігінің Отан алдындағы әскери борыштарын өтеуден қашатынын айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
"Көптеген жас азаматымыз Қарулы Күштер қатарында әскери борышын өтеуден қашады" - деді Президент.
Сонымен қатар Президент халықтың әлеуметтік осал тобындағы жастардың іскерлік бастамаларын іске асыруға жағдай жасау үшін, Үкіметке тиісті гранттардың мөлшерін 2 есе – 400 айлық есептік көрсеткішке дейін көбейтуді жүктеді.