Жыл сайын қаңтар-наурыз айларында азаматтарды әскери шақыру учаскелеріне тіркеу жүргізіледі.
ERNUR.KZ. Елімізде жастарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу басталды, деп жазады ҚазАқпарат.
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңына және Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығына сәйкес жергілікті атқарушы органдар жергілікті әскери басқару органдарымен бірлесіп, жыл сайын қаңтар-наурыз айларында азаматтарды әскери шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізеді», - делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.