Өңірлерде жыл сайын 10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орны туралы тапсырма берілді.
ERNUR.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, деп жазады baq.kz.
Жұмыспен қамту үкіметтің бастапқы міндеттерінің бірі болып саналады. Бұл мақсатта Мемлекет басшысы біздің алдымызға айқын міндеттер қойды. Ол біріншіден, биыл «жастар тәжірибесі» және «алғашқы жұмыс орны» жобалары бойынша оның уақытын және жалақы мөлшерін көбейту туралы талап қойылды. Сондай-ақ бизнес идеяларын іске асыру үшін гранттар мөлшерін 400 айлық есептік көрсеткішке өсіру туралы тапсырма берілді, - деді ол орталық коммуникациялар алаңындағы брифингте.
Спикердің айтуынша, өңірлерде жыл сайын 10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орны туралы тапсырма берілді.
Бұл халық санын ескере отырып, 2025 жылға дейін 780 мың жұмыс орнын құру деген сөз. Бұдан бөлек, Ұлттық қоғамдық сенім отырысында Мемлекет басшысы өңірлік жұмысты қамту карталарын құрып, құрылған жұмыс орындарын цифрлық формат арқылы мониторинг туралы тапсырма берілді, - деді Ержан Біржанов.