Жатырын алып тастауға тура келді: Алматыда дәрігерлер кесарь тілігінен кейін плацентаны әйелдің ішінде қалдырған

0
768

Жаңа босанған әйел дене қызуы жоғары болса да, үйге қайтарылды.


Жатырын алып тастауға тура келді: Алматыда дәрігерлер кесарь тілігінен кейін плацентаны әйелдің ішінде қалдырған

ERNUR.KZ. Алматы акушер-гинекологиялық және перинатология ғылыми орталығында жас ананың ішінде плацента қалып қойған, деп жазады Stan.kz

Жаңа босанған әйел дене қызуы жоғары болса да, үйге қайтарылды. Отадан кейін екі аптаға жуық жас әйелдің ішінде биологиялық қалдықтар болды, соның кесірінен инфекциялық процесс басталды.

Талдықорған жоғары оқу орындарының бірін бітірген Жазира Телманова Алматыға кетіп, сонда тұрмыс құрды.

“Жүктіліктің 40-шы аптасында учаскелік дәрігер мені №2 Алматы перзентханасына емес, акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығына жіберді. Дәрігерлер біледі ғой деп сеніп, айтқандарына көндім. 8 маусым күні таңертең ауруханаға жатқызды. 10 маусымда кешке толғақ басталды. Бәрі ойдағыдай еді, бірақ кешкі сағат тоғызда акушер менің табиғи жолмен туа алмайтынымды айтты. Отаға келістім", – дейді Жазира.

Ота сәтті өтті, қыз дүниеге келді. Бірақ анаға нәрестені көрсетпеген. Тек келесі күні баласын әкелді. Сөйтсе, кесарь тілігін жасау кезінде дәрігерлер жаңа туған нәрестенің бетін скальпельмен жырып алған.

“Қызымның бетіндегі үлкен жырықты көргенде, өзімді нашар сезіндім. Құлақтан бетіне дейін кесілген. Бірақ не болғанын ешкім түсіндіре алмады. Көңілім босап, жүрегім сыздады Жылап, күтушіден балама не болғанын сұрай бастадым. Бірақ ешкім жауап бергісі келмеді. Акушерлер болса, қызымды сол жерде алып кетті”, – дейді жас ана.

Таңертең балалар дәрігері оған операция кезінде жаңа туған нәрестенің кенеттен қозғалыс жасағанын және олар кездейсоқ оның бетіне тиіп кеткенін айтып, кешірім сұрады.

Баланың бетіндегі тілік әйелдің өзімен болған жағдаймен салыстырғанда ештеңе емес. Төртінші күні Жазираның температурасы кенеттен көтерілді. Кезекші дәрігер оны тексеріп, ауырсынуды басатын дәрілерді тағайындады. Ал 16 маусымда ол қатты ауырса да, аурунадан шығарылды. Оның перзентханаға келген жұбайы әйелін үйіне көтеріп алып кеткен.

“Дәрігерлер операциядан кейін адамның денесі қалпына келеді, сондықтан қызуы көтеріліп, біресе салқындайды, шыдау керек, таңқураймен шай ішу керек, бәрі өтеді дегендеріне сендім, - деді Телманова.

Оның айтуынша, дәрігерлердің нұсқауын орындаса да, жағдайы нашарлай түскен. Іштің ауырсынуы күшейіп, іші өсе бастаған. Дене қызуы мүлдем түспеді.

Жазираның құрбыларының бірі дәрігер екен. Ол оны Алматының ақылы клиникаларының біріне апарды. Маман компьютерлік диагностика жүргізіп, іш қуысының іріңдей бастағанын байқады.

Шұғыл ота №2 перзентханада жасалды. Хирургтар жас әйелдің денесінен кесар тілігі кезінде қалған плацентамен қоса, оның жатырын да алып тастады.

Институт басшылығы жағдайды түсіндірмеді, бірақ денсаулық сақтау министрлігі комитетінің Алматы бойынша департаментінің қорытындысынан-ақ, дәрігерлердің ағаттығы байқалады. Жазира Тельманованың шағымынан кейін акушер-гинекологиялық және перинатология ғылыми орталығында медициналық көмек көрсету сапасына тексеру жүргізілді.

Қорытындыдан орталық дәрігерлері тек ұрықтың күйзелісіне және табиғи босану каналы арқылы босану үшін жағдайдың болмауына байланысты кесарь тілігін жасағаны белгілі болды. Шығару кезінде олар гематометр болғанын жоққа шығармады, бірақ босанған әйелдің одан әрі емделуден бас тартуына байланысты оны баламен қолхат арқылы жіберді.

Алайда жас ана 18 маусымда Алматының № 2 перзентханасына қайта жатқызылды. Оған босанғаннан кейінгі кеш метроэндометрит, іріңді перитонит диагнозы қойылды. Жатырды алып тастау үшін шұғыл ота жасалды.

Тексеру барысында тәуелсіз сарапшылар нормативті-құқықтық актілердің сақталмағанын анықтады, осыған байланысты медицина қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне құқықтық баға беру және зиян келтіру дәрежесін анықтау үшін жоспардан тыс тексеру материалдары полиция департаментіне берілді. Тиісті шараларды қабылдау үшін тексеру материалдары "Алматы қаласының әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ-ға берілді.

Құқық қорғау органдары бұл істі қылмыстық немқұрайлылық деп атайды, бірақ істі тергеуге асықпайды.

Жазираның айтуынша, акушер-гинекологиялық және перинатология ғылыми орталығының дәрігерлері онымен сотсыз келісуге тырысты. Қандай да бір себептермен әйелдің қайғы-қасіретін үш миллион теңгеге бағаланды, дегенмен Қазақстанда мұндай жағдайларда өтемақы мөлшерін сот анықтайды.

Оның жағдайын түсініп, дәрігерлер қосымша қызметтер ұсынды.

“Олар маған тағы балалы болу үшін суррогат ананы табамыз деді. Ол не сөз?! Мен олардың бұл әрекетсіздіктерін кешіре алмаймын. Оларды тізерлеп тұрып мені тексеруді өтіндім, азап шектім. Ал олар мені шығарып жіберіп, енді өзі шыққысы келд деп отыр”, – деп шағымданды ол.

Осындай қорытындыдан кейін Жазира Тельманова өтемақы төлеуді ғана емес, сонымен бірге барлық дәрігерлерді басқа әйелдерге зиян тигізбеуі үшін жұмыстан шығаруды талап етеді.