Жеке куәліктің көшірмесіне тыйым салынады – сенат заңды мақұлдады

0
744

Қазақстанға келетін иммигранттар болса, жеке құжаттардың көшірмесін тапсыруға міндетті болады.


Жеке куәліктің көшірмесіне тыйым салынады – сенат заңды мақұлдады

ERNUR.KZ. Сенат депутаттары ақпараттық қауіпсіздік бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгеріс енгізуге арналған заңды мақұлдады, деп жазады sputnik.kz.

Қазіргі таңда дербес деректерді қорғау саласында мемлекеттік бақылау болмағаннан кейін интернет алаяқтар көбейді. Ал олардың әрекетінен мыңдаған қазақстандық зардап шегіп жатыр.
"Сондықтан, біріншіден, заң дербес деректердің айналымы мен сақталуы бағытында мемлекеттік бақылауды күшейтеді. Дербес дерекке ие операторлармен профилактикалық жұмысты жолға қояды. Әр оператор дербес деректер жария болып кеткен жағдайда реттеуші мемлекеттік органға хабарлауы заңмен бекітіліп отыр", - деді депутат Бибігүл Жексенбай сенаттың бүгінгі отырысында.
Ал арнайы ақпараттық қауіпсіздік орталық мемлекеттік органдардағы дербес деректердің сақталуына жауапты болады. Орталық ұлттық қауіпсіздік комитетінің жанында жұмыс істейді.
Бұдан бөлек, осы заңмден жеке басты куәландыратын құжаттардың көшірмелерін жинауға және өңдеуге тыйым салынады. Қазақстанға келетін иммигранттар болса, жеке құжаттардың көшірмесін тапсыруға міндетті болады.