Желіде 42 500 теңге төлемі төленіп жатқаны туралы хабарлама тарауда

0
650

ЭСҚ-ны бейтаныс адамдарға, тіпті мемлекеттік қызметкерлерге ешқашан жібермеңіз!


Желіде 42 500 теңге төлемі төленіп жатқаны туралы хабарлама тарауда

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша қазіргі уақытта 42 500 теңге әлеуметтік төлем ешкімге тағайындалмаған, деп жазады zakon.kz.

Телеграмм-боттар мен басқаларына жіберіліп жатқан осы сипаттағы барлық хабарламалар жалған болып табылады әрі ол алаяқтыққа жатады. Оны тіркеу кезінде алаяқтар сол адамның жеке мәліметтері мен ЭСҚ-ға (электрондық цифрлы қолтаңба) қол жеткізе алады. ЭСҚ-ны бейтаныс адамдарға, тіпті мемлекеттік қызметкерлерге ешқашан жібермеңіз! Расталмаған ақпарат көздеріне сенбеңіз! - делінген министрлік хабарламасында.