Желіде Ақтау көшелерінің бірінде қаптап жүрген жыландардың видеосы тарады

0
717

Видео авторының айтуынша көшені кезіп жүрген жыландардың жалпы саны 17.


Желіде Ақтау көшелерінің бірінде қаптап жүрген жыландардың видеосы тарады

ERNUR.KZ. Желіде Ақтау көшесінде қаптап жүрген жыландардың видеосы тарады, деп жазады stan.kz.

Видео авторының айтуынша көшені кезіп жүрген жыландардың жалпы саны 17.

Ал желі қолданушыларының кейбірі бауырымен жорғалаушылардың күз мезгілінде Каспий теңізінен сыртқа шығып қыздырынатынын айтса, енді бірі мұны жақсы ырымға баламай, алдағы уақытта су тасқыны болады деп болжап отыр.

"Теңізде шторм, толқынмен жағаға шығарып тастап жатыр просто", "Бұлда бір нәрсенің белгісі ғой. Бұрын естіп едім жылан көбейсе, су тасқыны болады дегенді", "Жылан көп жердің астында алтын бар дейді", "Олардың өздерінің шығатын мезгілі болады. Жергілікті халық оны жақсы біледі", "Бұл жыландар әдетте таңертең сағат 8-9-ға дейін осылай қаптап жүреді. Жыландар күндіз күн сәулесіне қыздырынып алады немесе тамақ іздеп, көшіп жүреді", "Жыландар судан қашып жатыр. Су ластанып болды. Жақсылықтың нышаны емес, жылан ешқашан судан қашқан емес", – деді желі қолданушылары.