Желіде Атырау ертеңнен бастап карантинге жабылады деген ақпарат тарады

0
683

Атырау облысының әкімдігі желідегі қауесетке түсініктеме берді.


Желіде Атырау ертеңнен бастап карантинге жабылады деген ақпарат тарады

Атырау облысының әкімдігі 10 желтоқсаннан бастап Атырау қаласы карантинге жабылады деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

WhatsApp мессенджерінде "10 желтоқсаннан бастап Атырау толықтай карантинге жабылады" деген хабарлама тарап жатыр. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

Атырау облысының әкімдігі желідегі қауесетке түсініктеме берді.

"Бұл ақпарат негізсіз. 2021 жылы 8 желтоқсанда Атырау облысы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің карантиндік шектеулер туралы қаулысы шықты. Бұл құжатта Атырау облысы толықтай карантинге жабылатыны жайлы мәлімет жоқ", - деп мәлімдеді ведомстводағылар.

Әкімдік жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салып, тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.

Бұған дейін Атырауда 10 желтоқсаннан бастап ойын-сауық сауда орталықтарына жұмыс күндері де тек "жасыл" статусы бар адамдар кіре алатыны хабарланды. Сондай-ақ теріс нәтижелі ПТР-анықтамасы бар адамдар да кіргізіледі. Бірақ анықтаманың мерзімі жеті күннен аспауы шарт. Бұдан бөлек, тұрақты медициналық көрсетілімі бар және соңғы үш айда коронавируспен ауырып шыққандар да ойын-сауық сауда орталықтарына кіре алады.