Бұл препарат Қазақстанда лицензияланған және дәріханаларда сатылады.
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматыда "Цефтриаксон" антибиотигін алғаннан кейін 18 адам қайтыс болғаны жөнінде ақпарат тарады. Бұл ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі теріске шығарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.
"Цефтриаксонның" жағымсыз әсері салдарынан көз жұмған пациент туралы карт-хабарламалар (сары карталар) тіркелген жоқ, дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
"ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне және Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментіне мұндай шағымдар түскен жоқ".ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
"Цефтриаксон" – сепсис, менингит, инфекциялардың түрлері, пневмония және басқа көптеген аурулар кезінде тағайындалатынн антибиотик.
Бұл препарат Қазақстанда лицензияланған және дәріханаларда сатылады.