Жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионатының өтетін уақыты өзгерді

0
625

Аталған чемпионат 2-4 шілде аралығында жоспарланған болатын.


Жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионатының өтетін уақыты өзгерді

ERNUR.KZ. Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігі өтетін уақытты жариялады, деп жазады olympic.kz.

Аталған чемпионат 2-4 шілде аралығында жоспарланған болатын. Алайда, осы уақыт аралығында ұлттық құрама Алматыдағы Орталық стадионда дайындалады.

Коронавирустық инфекцияның таралу қаупін барынша азайту үшін спорттық шараларды дәл қазір өткізбеу туралы шешім қабылданды. Өзгертулерге сәйкес, ел біріншілігі 28-30 маусым аралығында өтеді. Бұл ұлдар мен қыздар арасындағы ел чемпионатымен байланысты болмақ.