​«Жеңіс» саябағын жаңғыртуға 356 млн теңге бөлінген

0
1 065

Бұл мақсатта шетелдік инвесторлар 356 млн. теңге бөлген.


​«Жеңіс» саябағын жаңғыртуға 356 млн теңге бөлінген

ERNUR.KZ.Ақтауда "Жеңіс" саябағын жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Бұл мақсатта шетелдік инвесторлар 356 млн. теңге бөлген, деп жазады ҚазАқпарат.

Саябақты жаңғырту жұмыстары аясында 10100 шаршы метр жерге жаңа жаяу жүргінші жолы төселеді. Мәңгілік алау мемориалынан бастап ұшақ макетіне дейінгі аумаққа орындықтар мен xалық демалуға ыңғайлы орындар жасалады. Сонымен бірге қоқыс жәшіктері орнатылады.

«Жоба құны 356 млн теңгені құрап отыр. Жөндеу жұмыстары қараша айында аяқталады», - дейді мердігер мекеме өкілдері.

Жұмыспен айналысатын - "Нұрсәт" ЖШС.