Жер реформасы: Кімдерге жерді жалға беруге тыйым салынады?

0
1 263

Бұған дейін ауыл шаруашылық жерлерді 49 жылға жалға беру және мұрагерлікке қалдыру мәселесі қаралып, қолдау тапқан еді.


Жер реформасы: Кімдерге жерді жалға беруге тыйым салынады?

ERNUR.KZ. Жер реформасы жөнінде комиссияның кезекті отырысында Экономикалық жұмыс тобының басшысы Ақылбек Күрішбаев топ мүшелері көтерген мәселелер жөнінде баяндама жасады, деп жазады baq.kz.

Бұған дейін ол ауыл шаруашылық жерлерді 49 жылға жалға беру және мұрагерлікке қалдыру мәселесі қаралып, қолдау тапқаны жайлы айтқан болатын. Сондай-ақ, ауылдық жердегі жайылымдық жер тапшылығын шешу үшін игерілмей жатқан жерлерді мемлекетке қайтару жөніндегі ұсыныс айтылғанын атап өтті.

Жұмыс тобы көтерген тағы бір мәселе, латифундистердің пайда болуын болдырмау мақсатында үлестес тұлғаларға ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беруге тыйым салу.

Аталған мәселе жалға берілетін ауыл шаруашылық жерлерінің шекті көлемін белгілеу туралы норма шегінде шешіледі. Бұл норма қолданыстағы Жер кодексінің 50-бабының 4-тармағында және де қазіргі уақытта Сенат қарауындағы Мемлекет басшысы бастама болған заң жобасында белгіленген.

Яғни, осы заңдарға сәйкес мемлекеттік емес заңды тұлға, оның үлестес (аффилирленген) тұлғаларының санына қарамастан, Үкімет белгілеген шектен артық ауыл шаруашылық жерлерін иелене алмайды. Сондықтан жұмыс тобы мүшелері бұл мәселені күн тәртібінен алып тастауды ұсынады. Шешім бір ауыздан қабылданды, - деді ол.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың шешімі бойынша әкімшілік шекаралар өзгерген жағдайда, жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелерін сәйкестендіру құжаттарын дайындау үшін шығындарды республикалық бюджет қаражатынан өтеу туралы мәселе көтерілген.Оның айтуынша, бұл ұсыныстың негізі бар, сондықтан оны жұмыс тобының мүшелері бір ауыздан қолдады.