Жерде қуаты күшті магниттік дауыл санының артуы күтілуде

0
279

Қазіргі күн белсенділігі спутниктердің жұмысына ғана емес, поляр шұғыласының көрінуіне де әсер етуде.


Жерде қуаты күшті магниттік дауыл санының артуы күтілуде

ERNUR.KZ. Аспан әлемінде айтарлықтай өзгерістер орын алуда. Мәселен, күн белсенділігі соңғы 11 жылдағы ең жоғары көрсеткішіне жетті, деп жазады zakon.kz.

Бұл туралы NASA сарапшылары мәлімдеді.

Мамандардың пікірінше, күннің белсенділігі шамамен бір жылға созылады. Содан кейін ең төмен көрсеткішке әкелетін құлдырау басталады. Бұл демек, алдағы уақытта магниттік дауылдардың саны артады.

Соңғы уақыттағы қуаты күшті магниттік дауыл 2024 жылғы 3 қазанда болды. Ол кезде көрсеткіш, X9.0 деңгейіне жетті.

Айта кетейік, қазіргі күн белсенділігі спутниктердің жұмысына ғана емес, поляр шұғыласының көрінуіне де әсер етуде.