​Жеті баланың анасына ақтаулық кәсіпкерлер жаңа баспана сыйлады

0
1 112

Қазіргі уақытта қор директоры мен еріктілер әйел адамға жөндеу жұмыстарына көмектесіп жатыр.


​Жеті баланың анасына ақтаулық кәсіпкерлер жаңа баспана сыйлады

ERNUR.KZ. Ақтаулық төрт кәсіпкер жеті баланың анасы Людмила Смағұловаға екі бөлмелі үй сыйлады, деп жазады tengrinews.kz.

2006 жылы әйел Атырау облысындағы ауылды жерден Маңғыстау өңіріне көшіп келген. Анасы қайтыс болғаннан кейін, ол бес ер бала және екі қыз баламен (ең кішкентайы - екі жарым жаста) жалғыз қалған. Жолдасымен ажырасып кеткен, алайда достық қарым-қатынасты сақтап қалған. Ер адам барынша көмектеседі, алайда көп балалы отбасыны асырау оңай емес. Людмиланың өзі жұмыс істей алмайды, себебі балалардың тәрбиесімен айналысып жатыр. Жалғыз көмекшісі 22 жастағы ең үлкен ұлы.

"Үлкен ұлым жұмысқа тұрды. Барынша көмектесіп, қамқорлық етіп жүр. Өзім әрдайым жұмысбасты болдым, ештеңеден сескенбейтінмін, бірақ өмірге балалар келген соң, әзірге жұмыс істей алмаймын", - деді Людмила.

Маңғыстауда отбасы уақытша баспаналарды мекендеген - өздерінің үй сатып алуға шамасы болмаған. Мейірімді жандар азық-түлік және киім-кешек беріп тұрады екен, сонымен қатар "Мы люди, мы вместе" қайырымдылық қоры да қажетті көмек көрсетеді екен. Қор директоры Иманғазы Досмұханбетов Людмила жайлы кәсіпкерлердің естігені туралы және жаңа жылға үй салып беруді ұйғарған.

"Екі бөлмелі үй Батыр ауылында орналасқан. Мұнда ас бөлмесіне қажетті заттардың барлығы орнатылған, жылу мен жарық орнатылған. Біз мұны Людмилаға айтқанымызда олар бұған сен алмады", - дейді қор директоры.

Қазіргі уақытта қор директоры мен еріктілер әйел адамға жөндеу жұмыстарына көмектесіп жатыр. Таяуда отбасы үй мен жарқын болашақ сыйлаған кәсіпкерлерді қонаққа шақырады.