Ал солтүстік аймақтарда үсік сақталады.
ERNUR.KZ. Мұны Республикалық ақпараттық штаб брифингінде "Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова айтты, деп жазады baq.kz.
2024 жылғы 6-7 мамыр аралығында қатты жауын-шашын болжамына байланысты Жетісу облысының тау және тау етегіндегі аймақтарда беткейлік ағындының қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін, - деді ол.
Қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Ал солтүстік аймақтарда үсік сақталады.
Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Қостанай облысында 1-6 градус үсік сақталады, Ақтөбе облысының солтүстігінде сақталады, Павлодар, Қарағанды облыстарының батысында, солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі, - деді ол.