Жетісу облысында 6 сиыр ұрлаған азамат 2 жылға сотталды

0
302

Ұрланған мал өз иесіне қайтарылды. Үкім заңды күшіне енді.


Жетісу облысында 6 сиыр ұрлаған азамат 2 жылға сотталды

ERNUR.KZ. Жетісу облысы Қаратал аудандық соты ҚР Қылмыстық кодекісінің 188-1- бабы, 1-бөлігі яғни мал ұрлығы бойынша қылмыстық істі қарады, деп жазады деп жазады inbusiness.kz.


Айыпталған азамат сот үкімімен 2 жылға сотталды.


48 жастағы Қаратал ауданының тұрғыны жайылымда қараусыз жүрген ірі қараларды өз қорасына қамап, олардың құлақтарына жаңа таңба салған. Осы арқылы қылмысын жасыруға тырысқан. Құқық қорғау органдары куәгерлердің айғақтары мен іздестіру шараларының нәтижесінде ұрланған малды анықтады.

Қаратал аудандық сотының дерегінше залал мөлшері 1,2 миллион теңгеден асқан. (6 ірі қараның құны)

Қылмыстық әрекет үшін заң бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе балама жаза түрлері қарастырылған.

Сотталушы өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтты. Материалдық шығынды толығымен өтеді.

"Жәбірленуші сотталушыға бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады. Осы мән-жайларды ескере отырып, сотталушы мал ұрлығын жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды", – делінген хабарламада.