Жетісу облысында мектептерде берілмеген тамақ үшін миллиондап ақша төленген

0
637

Прокурорлар жеткізушілерге негізсіз ақша төлеген.


Жетісу облысында мектептерде берілмеген тамақ үшін миллиондап ақша төленген

ERNUR.KZ. Жетісу облысында прокурорлар мектептерде тамақтануға негізсіз төленген қаражатты анықтады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Прокурорлар жалпы сомасы 20 миллион теңгеден асатын мектептердегі тамақтану үшін жеткізушілерге негізсіз ақша төлеу фактілерін анықтаған.

«Мәселен, Көксу ауданында 2023 жылдың 13-15 желтоқсаны аралығында ауа райының қолайсыздығына байланысты 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылған болатын.
Алайда білім беру мекемесі жеткізушіге көрсетілген күндеріндегі ұсынылмаған тамақтану қызметі үшін 4 миллион теңгеден астам қаражат төлеген», - делінген ведомство хабарламасында.

Осыған ұқсас заңбұзушылықтар облыстағы барлық мектептерде анықталған.

Анықталған заңбұзушылықтар бойынша залалды өтеу туралы қадағалау актілері енгізілді.