Жетісу облысында трактор пойызбен соқтығысты

0
960

23 жастағы Дмитрий Шевченко әлеуметтік желіден хабарландыру көріп, Бестөбеге жұмыс іздеп барған.


Жетісу облысында трактор пойызбен соқтығысты

ERNUR.KZ. Жетісу облысы Қаратал ауданына қарасты Қанабек ауылында трактор пойызбен соқтығысты. Бұл туралы Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады Azattyq Rýhy.

Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 19 тамыз күні Қаратал ауданындағы Қанабек ауылының маңында жүк пойызы мен трактор соқтығысқан.

«Беларусь» тракторын 61 жастағы жергілікті тұрғын жүргізгені анықталды. Ер адам басқа нәрсеге алаңдап, пойыздың жоқтығына көз жеткізбей, теміржол өткелінен өтуді ұйғарғанын түсіндірді. Салдарынан жүк пойызы трактор тіркемесіне соғылды. Апат салдарынан қайтыс болғандар мен жарақат алғандар жоқ», - делінген хабарламада.

Бұл жайт Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 610-бабы – «Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлiнуiне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерiн бұзуы» бойынша қаралады.