Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
ERNUR.KZ. Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Малайсары теміржол вокзалында вагон цистернасынан диаметрі 25 мм болатын апаттық клапаннан күкірт қышқылы аққан. Оқиға кеше, 1 маусымда кешке қарай болған, деп жазады Zakon.kz.
Құтқарушылар сол маңдағы 10 үйден 46 ауыл тұрғынды эвакуациялады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Төтенше жағдайлар министрлігі кейінірек 46 адам, оның ішінде 18 бала бар 10 жеке тұрғын үйдің тұрғындары үйіне оралғанын хабарлады.
Вагон-цистерна Малайсары вокзалынан қауіпсіз жерге – 1 шақырым қашықтыққа сүйретілді.
СЭБД (санитарлық -эпидемиологиялық бақылау департаменті) қызметкерлері топырақ пен ауаға зертханалық зерттеулер жүргізіп, сынамалардың қалыпты шекте екенін анықтады.
Кербұлақ ауданының РХЗ қорғау қызметі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп залалсыздандыру шараларын жүргізіп жатыр.