Екі жүк көлігі соғылып, 16 көлік өртеніп кетті.
ERNUR.KZ. 23 тамызда "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" автожолының 278 -шақырымында жол апатынан 16 көлік жанып кетті, деп жазады Stan.kz.
Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты кешкі 18:15 шамасында болған. Екі жүк көлігі соғылып, 16 көлік өртеніп кетті. Оның 14-і жүк көліктеріне тиелген жеңіл автокөліктер болған.
"Бірінші автокөліктің жүргізушісі аман, екінші автокөлік жүргізушісінің тағдыры белгісіз. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері өрт сөндіріп жатыр. Оқиға себебі анықталып жатыр", – деді Жетісу облыстық ПД ЖПҚБ бастығы Қайсар Мухметов.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл соңғы үш күнде адам өлімімен аяқталған 4-жол көлік оқиғасы.