Жетісу облысындағы асуда автотасығыш аударылып қалды

0
551

39 жастағы жүргізуші жаңа жеті "Tesla" көлігін әкеле жатқан


Жетісу облысындағы асуда автотасығыш аударылып қалды

ERNUR.KZ. Арқарлы асуында "Scania" автотасығышы аударылып қалды, деп жазады sputnik.kz.

Әлеуметтік желіде жол бойында аударылған көліктің видеосы жарияланды.
"Автотасығыш жолдың қақ ортасында аударылып, осы жердегі қоршауларды бұзды. Жолды жауып қойды. Жаңа көліктер осында және төменде жатыр", - деп хабарлады пост авторы.
Өңір полициясы бұл ақпаратты растады. Ведомствоның хабарлауынша, Scania автотасығышы 21 мамырда Алматы-Өскемен тас жолының 143-ші шақырымында жол апатына ұшыраған.
"Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Көліктер жүріп жатыр, жол жабылған жоқ", - деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.