Жеткіншекті қатарластары жұмыртқа лақтырып қорлады

0
1 541

Желіде оқушылардың қатарластарына қорлық көрсеткен видеосы жүр (ВИДЕО)


Жеткіншекті қатарластары  жұмыртқа лақтырып қорлады

ERNUR.KZ. Ақтаулық оқушылар сыныптастарының бірін бағанға скотчпен байлап, оның басына айран мен жұмыртқа құйған, деп жазады Sputnik.

Оқиғаның видеосы 10 қазан күні Facebook әлеуметтік желісінде таралды, дегенмен кейінірек ролик жойылды.

Оқиға 28 қыркүйекте болған. Видеодағы оқушылар Ақтау қаласындағы № 8 мектептің сегізінші сыныбында оқитыны анықталды.

Мектеп директоры Әселхан Есжанова Sputnik Қазақстанға мәлімдегендей, сол күні жасөспірімнің туған күні болған. Сыныптастары оны осылай ерекше құттықтауға шешім қабылдапты.

"Біз оқушылармен де, олардың ата-аналарымен де түсіндіру жұмысын жүргіздік. Жиналысқа кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор қатысып отырды. Екі жақтың ата-аналарының бір-біріне шағымы мен қарсылығы жоқ", — деді спикер.

Айта кетейік, оқиғаға қатысушылар мектеп есебіне алынды.

Естеріңізге сала кетейік, ақпан айында Қостанай қаласындағы мектептердің бірінің оқушысы жоғалып кетті. Жасөспірімнің әпкесінің айтуынша, оның жоғалып кетуіне сыныптастарының келемеждеуі себеп болған. Бірнеше күннен кейін жасөспірім үйіне оралды.