Жезқазған тұрғындары су қоймасынан адамның аяғын тауып алды

0
1 133

Тұрғындар алаңдаулы.


Жезқазған тұрғындары су қоймасынан адамның аяғын тауып алды

ERNUR.KZ. Жезқазғанда жергілікті тұрғындар су қоймасы жағасынан адамның аяғын тауып алды. Кейіннен полицейлер өлтірілген адамның тұлғасын анықтап, күдіктіні анықтады, деп жазады kaz.nur.kz.

"Тұрғындар алаңдаулы. Адамның дене мүшесі табылды деген жаңалық барлығын уайымдатып қойды", -дейді жезқазғандық Николай Самохин.
"Марқұм 33 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Өткен іс-шаралардың нәтижесінде 55 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ол марқұммен бірге алкогольді ішімдік ішкен соң арада жанжал басталғанын, кейіннен ол жәбірленушіге пышақпен дене жарақатын салып, денесін бөлшектеп тастағанын түсіндірді. Қылмыстық іс Қылмыстық Кодекстің 99-бабына сәйкес тіркелді", -деді полицияда.

Ұсталған азамат изоляторға жіберілді.