Жезқазған жылу электр орталығында апат болды

0
907

Қолайсыз ауа райы жағдайында Ақадыр – Жезқазған 500 кВ электр беру желісі ажыратылды.


Жезқазған жылу электр орталығында апат болды

ERNUR.KZ. 13 шілде күні түнде "Қазақмыс Энерджи" ЖШС-ның Жезқазған ЖЭО-да апаттық жағдай орын алды, деп жазады zakon.kz.

"Кеше, 2023 жылғы 13 шілдеде сағат 21:12-де қолайсыз ауа райы жағдайында Ақадыр – Жезқазған 500 кВ электр беру желісі ажыратылды. Электр желісінің параметрлерінің өзгеруі Жезқазған ЖЭО-ның №7 және 11 қазандықтарының шаң қоректендіргіш қозғалтқыштарындағы жиілік түрлендіргіштерінің ажыратылуынан олардың сөнуіне әкелді. Будың болмауына байланысты №4, 7 турбиналар тоқтатылды, бұл генерацияның толық төмендеуіне әкелді".ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Станцияның жұмыс режимін қалпына келтіру бір сағаттан кейін, сағат 22:20-да басталды.

"Технологиялық бұзушылық фактісі бойынша жан-жақты тергеу жүргізу мақсатында Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің комиссиясы құрылды".ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Ведомство Жезқазған ЖЭО бірінші рет толық тоқтатылмағанын атап өтті. 19 маусым сағат 12:45-те өзінің электр қажеттіліктерін жоғалту салдарынан станция генерациясы 129-дан 0 МВт-қа дейін төмендеген.

"Жоғарыда айтылғандардың негізінде "Қазақмыс Энерджи" ЖШС-ның басшылығына Жезқазған ЖЭО-ның сенімді жұмысын қамтамасыз ету жөнінде пәрменді шаралар қабылдау тапсырылды".ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

"Қазақмыс Энерджи" ЖШС-ның қауіпсіз жұмыс мәселесі бойынша арнайы кеңес 2023 жылғы 17 шілде дүйсенбі күні министрлікте өткізіледі.