Жезқазғанда 7 күн адасып жүрген балықшылар құтқарылды

0
883

Олардың туған-туыстары іздеу жариялаған.


Жезқазғанда 7 күн адасып жүрген балықшылар құтқарылды

ERNUR.KZ. Жезқазғанда инспекторлар екі азаматты құтқарып қалды, деп жазады ҚазАқпарат.

«10 қарашада сағат 17:00-де «Охотзоопром»-ның Қызылорда филиалының инспекторлары рейд кезінде «Солдат» дала аймағында Қарағанды және Қызылорда облыстарының арасындағы Жезқазған қаласының екі тұрғыны Тарашчик Сергей Алексеевич (1977 ж.т.) және Шульца Марина Илгизовнамен (1977 ж.т.) кездейсоқ кездескен. Анықталғанындай, 2 қарашада Тарашчик С. және Шульц «Лада» көлігімен балық аулауға шығып кеткен. Ақыры олар, қарлы боранға тап болып, далада адасып қалған. Олар жеті күн бойы далада түнеп, қоныс іздеумен әуреге түскен. Бірақ олар ешкімді кездестірмепті. Осы уақыт ішінде олар шұңқырдан су ішіп, біршама қиналған», - дейді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook парақшасында.

Жоғалған адамдар табылған кезде «Охотзоопром» инспекторлары барлық қажетті көмек көрсеткен. Инспекторлар балықшылардың отырып қалған көлігінің аккумуляторын қуаттап, көліктерін оталдырып, Төтенше жағдайлар департаментіне хабар берген.

«Олардың туған-туыстары іздеу жариялаған. Инспекторлар оларды жақын арадағы ауылға апарып, құтқарушыларға тапсырды. Тамақ іздеп жүріп адасқандар автокөлікке жазба қалдырып та кеткен», - дейді ол.